Home of Common Sense
Sana Holding сайты
Өтінім беру
RU EN
Sana Holding туралы
Sana-дағы өмір Офис ортасы Әлеуметтік пакет Спорт Тимбилдингтер SANA лекторийі Конференциялар Corporate Meetup
Мансап және даму Вакансиялар және тағылымдамалар
Іріктеу қалай жүзеге асады? Байланыс
О Sana Holding
Жизнь в Sana Офисная среда Социальный пакет Спорт Тимбилдинги Лекторий SANA Конференции Corporate Meetup
Карьера и рост Вакансии и стажировки Как проходит подбор? Контакты
RU EN
Подать заявку
SANA-дағы өмір

Әлеуметтік пакет

Sana Holding-тегі қолдау бағдарламалары әр қызметкердің кәсіби дамуына, денсаулығына көңіл бөлуіне және жеке өмір мен жұмыс арасындағы баланс сақтауына бағытталған. Біз үшін бұл – әр маманның жайлылығы мен сенімділігіне салынған инвестиция.

Sana Holding қызметкері

Кәсіби даму және денсаулық

Бұл мүмкіндіктер компанияда 6 ай жұмыс істегеннен кейін қолжетімді болады:

Оқу және даму

жылына 500 000 ₸ дейін

Кәсіби курстарға, сертификаттау бағдарламаларына және шеберлік сабақтарына өтемақы беріледі. Өзіңізді қызықтыратын бағытта өз қарқыныңызбен дами аласыз.

Медициналық қолдау

жылына 100 000 ₸ дейін

Дәрігерлердің кеңесіне, талдауларға, МРТ/КТ тексерулеріне және дәрі-дәрмекке жұмсалған шығындарға өтемақы қарастырылған.

Спорт

жылына 100 000 ₸ дейін

Фитнес-клубтарға, йога студияларына немесе бассейнге арналған абонементтерге өтемақы беріледі.

Маңызды қолдау

Маңызды сәттердегі қолдау

Қызметкерлердің өмірі тек жұмыстың айналасында емес. Сондықтан Sana Holding қызметкерлерге өмірдің маңызды кезеңдерінде де қолдау көрсетеді.

Жеке өмірдегі маңызды оқиғалар 100 000 ₸

Неке қию немесе бала дүниеге келуіне байланысты біржолғы төлем беріледі.

Ерекше жағдайлар 100 000 ₸ + демалыс

Жақын туысынан айырылған жағдайда материалдық көмек көрсетіліп, қосымша ақылы демалыс күндері ұсынылады.

Корпоративтік такси

Іскерлік кездесулер мен жұмысқа байланысты сапарлар үшін қызметкерлерге Яндекс Go корпоративтік аккаунты ұсынылады. Жол жүру лимиті жұмыс қажеттілігіне қарай белгіленеді.

Расписание

Жұмыс тәртібі және қалпына келу

Sana Holding-те монитор алдында қанша уақыт өткізгеніңіз емес, жұмыстың нәтижесі маңызды. Біз нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тұрақты қарқынды қолдаймыз.

Жұмыс кестесі

Жұмыс күндері - дүйсенбіден жұмаға дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс.

Жұмыс уақыты

09:30-дан 19:00-ге дейін.

Түскі үзіліс

13:00-ден 14:30-ға дейін. Тынығып, асықпай түскі ас ішуге арналған 1,5 сағат.

Қысқа үзілістер

Күннің бірінші және екінші жартысында 15 минуттан үзіліс беріледі. Бұл назарды жаңартып, жұмысқа қайта серпінмен кірісуге көмектеседі.

Демалыс

Қызметкерлерге жыл сайын 20 жұмыс күні көлемінде ақылы еңбек демалысы беріледі. Демалыс тиімді жұмыс жасаудың бірден-бәр маңызды бөлігі, сондықтан оны алдын ала жоспарлап, толық пайдалануды қолдаймыз.

Sana Holding туралы Sana-дағы өмір Мансап және даму Вакансиялар және тағылымдамалар Іріктеу қалай жүзеге асады? Байланыс

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 41/1, «Orta» БО

info@sana.onl +7 (717) 239-99-63

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 88

info@sana.onl

Keip.Tech

© 2026 Sana Holding