Іріктеу қалай жүзеге асады?

Біз іріктеу үдерісін үміткерлер үшін түсінікті, ашық әрі әділ етіп құрдық. Ешқандай шексіз сұхбаттар мен белгісіз мерзімдер болмайды – әр кезеңде сіз не болып жатқанын және әрі қарай не күтетінін түсінесіз.

Sana Holding-тегі сұхбат
  1. 1

    Өтінім беру және бастапқы іріктеу

    Біз түйіндемелермен және ілеспе хаттармен танысамыз. Біз үшін үміткердің жұмыс тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар оның ойлау қабілеті маңызды.

  2. 2

    Алғашқы сұхбат

    Бұл кезеңде үміткердің кәсіби тәжірибесі, жұмысқа деген ынтасы және болашақ қызметінен не күтетіні талқыланады.

  3. 3

    Кәсіби сұхбат

    Үміткер тікелей жетекшімен немесе болашақ команда мүшелерімен кездеседі. Сұхбат барысында кәсіби білім деңгейі, шешім қабылдай алу қабілеті және нақты тапсырмаларды орындау қабілеті бағаланады.

  4. 4

    Тест тапсырмасы (қажет болған жағдайда)

    Тест тапсырмасы үміткердің нақты міндеттерге деген көзқарасын бағалауға мүмкіндік береді. Біз үшін шешімнің мінсіздігі емес, болашақ қызметкердің мәселені талдау тәсілі мен пайымдау жүйесі маңызды.

  5. 5

    Қорытынды шешім

    Барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін біз шешім қабылдап, лауазымның міндеттері, рөлі және еңбек шарттары толық көрсетілген ресми ұсыныс (оффер) жолдаймыз.

Біздің мақсатымыз - мінсіз үміткер табу емес, команданың дамуына үлес қосып, онымен бірге өсетін адамдарды қатарымызға қосу.

HR-ға жазу