SANA-дағы өмір

Лекторий

Sana Holding-те тәжірибе алмасу мен кәсіби дамуға қолайлы орта қалыптасқан. Барлық іс-шаралар Orta Community креативті кеңістігінде немесе кеңсенің төртінші қабатындағы конференц-залда өткізіледі.

Бұл алаңдарда холдинг қызметкерлері өз тәжірибесімен бөлісіп, зерттеу нәтижелерін таныстырады. Біз әлеуметтану мен медиатұтыну мәселелерін талқылаймыз, саясат пен экономикадағы үрдістерді саралаймыз, сондай-ақ SMM, бейнеөнім және графикалық дизайн бағыттары бойынша шеберлік сабақтарын өткіземіз.