Geography of Innovation Conference (GEOINNO 2026),
DESHT компаниясының Data Scientist маманы Элина Амурлаева Будапешттегі Corvinus University базасында өткен халықаралық Geography of Innovation Conference (GEOINNO 2026) конференциясында «Қазақстандық аудандардың экономикалық күрделілігі» атты зерттеу нәтижелерін таныстырды. Ол Қазақстаннан қатысқан жалғыз сарапшы болып, «Economic Complexity & Regional Diversification» сессиясында баяндама жасады.
GeoInno – кеңістік, деректер және даму мәселелерімен айналысатын мамандарды біріктіретін халықаралық алаң. Бұл жерде агломерациялар теориясынан бастап машиналық оқыту (ML) әдістері мен микрогеографияға дейінгі заманауи тәсілдер талқыланады.
Зерттеу қорытындысына сәйкес Қазақстанды тек ұлттық немесе ірі өңірлік көрсеткіштер арқылы талдау жеткіліксіз. Не себепті?
- Ел аумағының кеңдігі мен өңірлердің әркелкілігі аудандық және елді мекен деңгейіндегі талдауды қажет етеді.
- Мұндай тәсіл аумақтардың нақты экономикалық әлеуетін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.
- Зерттеу барысында сауда көрсеткіштерімен қатар бизнес-реестр және жұмыспен қамту деректері пайдаланылды.
- Бұл қызмет көрсету секторын және қалалық экономиканы тереңірек талдауға жол ашты.
- Жаңа салалардың даму әлеуетін көрсететін бейімделген индикатор шағын және ауылдық аумақтардың да перспективалы даму бағыттарын айқындауға көмектеседі.
Баяндама DESHT компаниясының басшысы Қуаныш Жайықовпен бірлесіп дайындалды.
Сапардың басты мақсаты – экономикалық география саласындағы халықаралық зерттеулердің қазіргі бағыттарын зерделеу, озық әдістемелермен танысу және әлемдік деңгейдегі сарапшылармен тәжірибе алмасу болды.
GeoInno қорытындысы бойынша ерекше назар аударылған бағыттар:
- Жаңа дереккөз. Компаниялардың веб-сайттары, веб-архивтер және машиналық оқыту құралдары (ML) зерттеу жүргізудің заманауи тәсілі ретінде кеңінен қолданылып келеді.
- Микрогеография. Әлемдік тәжірибе экономикалық үдерістердің қала деңгейінде ғана емес, нақты көшелер мен аудандар деңгейінде де қалыптасатынын көрсетіп отыр.
Осындай егжей-тегжейлі талдау тәсілі DESHT пен Sana Holding сарапшыларына өңірлік жобалар үшін тиімді коммуникациялық стратегиялар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Толығырақ — біздің LinkedIn парақшамызда.