Sana Holding туралы

Өзгелер өткеннің алдында бас исе, Sana Holding болашаққа қызмет етеді.

Біз өзімізді “Саналы қоғам кеңістігі” деп танимыз. Sana Holding - идеялар медиаға, қызметтерге және нарықтағы жаңа стандарттарды қалыптастыратын жоғары технологиялық шешімдерге айналатын орын.

Ашық вакансиялар
Біз кімбіз?

Sana Holding туралы

Sana Holding - Дәурен Қайсаровтың бастамасымен құрылған компаниялар бірлестігі. 2026 жылдың сәуір айында компанияның құрылғанына 4 жыл толды. Біз холдингті коммуникация, экономика, әлеуметтану, технологиялар және басқару салаларындағы сараптаманы біріктіретін, күрделі міндеттерді тиімді бизнес-модельдерге айналдыратын жүйе ретінде құрдық.

Бүгінде Sana құрамында аналитика, IT-жобалау, PR және GR бағыттарын тоғыстыратын жобалар іске асуда. Біздің тәжірибеміз әлеуметтік және экономикалық зерттеулерден бастап, кәсіби медиапродакшн мен түсірілім процестеріне дейінгі толық циклді қамтиды.

Sana Holding ұлттық деңгейде маңызы зор, ауқымды жобалармен жұмыс жасайды. Sana Holding портфелі Alatau City жобасының медиалық сүйемелдеуін, «Жетінші арна» және UnicoPlay платформасымен серіктестікті, сондай-ақ еліміздің жетекші спорт федерацияларымен бірлескен жұмыстарды қамтиды.

Біздің командамыз

Sana Holding-те кімдер жұмыс жасайды?

Холдинг штатында 123 қызметкер жұмыс істейді. Алайда іс жүзінде біздің командамыз әлдеқайда ауқымды, мысалы 2025 жылдың өзінде жобаларымызға шамамен 800 адам қатысты.

Команданың орташа жасы – 31 жас. Біз тәжірибені жоғары бағалаймыз, сонымен қатар икемділік пен артық бюрократияның болмауын маңызды деп есептейміз.

Команда құрамының 59%-ы ерлерден, 41%-ы әйелдерден тұрады. Осындай баланс жұмысқа әртүрлі қырдан қарап, оң шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

123
холдинг штатында
31
команданың орташа жасы
≈800
2025 жылы жобалардағы адамдар
59 / 41
% ерлер мен әйелдер
Холдинг миссиясы

«Идеялар нақты іске айналатын, ал коммуникациялар терең мазмұнға ие болатын парасатты орта қалыптастыру және дамыту. »

Кодекс

Біздің құндылықтарымыз

Sana Holding компаниясының корпоративтік мәдениеті жұмыс барысында оң шешім қабылдауға және үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін нақты қағидаттарға негізделген. Бұл – команда ішінде және серіктестермен өзара қарым-қатынасты айқындайтын ішкі құндылықтар жүйесі.

Адалдық

Шынайы әрі құрметпен қарым-қатынас жасау, берілген уәде мен қағидаттарды сақтау, манипуляциядан аулақ болу және өз қателіктерін мойындай білу.

Жауапкершілік

Бастаған істі соңына дейін жеткізу, әркімнің өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдау, қауіп-қатер туралы алдын ала хабарлау және жауапкершілікті өзгеге жүктемеу.

Икемділік

Өзгерістерге жылдам икемделу, белгісіздік жағдайында сабыр сақтап, жаңа мүмкіндіктер мен балама жолдарды іздеу.

Сарапшылық

Шешімдерді деректер мен логикаға сүйене отырып қабылдау, кәсіби білімді үздіксіз жетілдіру, тәжірибемен бөлісу және идеяларды нақты фактілермен негіздеу.

Даму

Кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндіктерін үнемі іздеу, бастамашыл болу, кері байланысты қабылдау және жұмыс құралдары мен тәсілдерін тұрақты түрде жетілдіру.

Жоғары сапа стандарттары

Нәтиженің дәлдігі мен толықтығын мұқият тексеру, процестер мен қызметтерді үздіксіз жетілдіруге ұмтылу, клиенттің мүддесін әрдайым назарда ұстау және жұмысқа немқұрайлы қарамау.

Sana Holding өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) құқықтық режимі аясында жүзеге асырады. Бұл басқарудың жоғары стандарттары мен қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Sana-дағы мансап

Біз манипуляциядан алшақ, ашық әрі нәтижеге бағытталған орта қалыптастырамыз. Егер сіз адамгершілік танытып, қарқынды жұмыс істеуге бейім болсаңыз және жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлерден қорықпасаңыз, бізбен бірге дами аласыз.
Қош келдіңіз! Парасат пен жауапкершілікке негізделген орта енді сіздің де кәсіби кеңістігіңізге айналады.
Ашық вакансиялар